Атырау, 29 қыркүйек 00:21
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Еңбек Ері сыйлаған 100 мың теңге

4 918 просмотра

15 қарашада Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай үздіктерді құттықтау салтанаты өтті. Оларды облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ құттықтап, марапаттар тапсырды.

Үшадам - Тұрлан МАЖАНОВ («Мажанов» шаруа қожалығы, Исатай ауданы), Оңғар ЖАНЫҚҰЛОВ («Тасшағыл» өндірістік кооперативі, Қызылқоға ауданы) пен ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ажаргүл ҚАЛЖІГІТОВА «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Жеті адам - ауыл шаруашылығы ҒЗИ филиалының аға ғылыми қызметкері Елемес АБДОШЕВ, Бақтығали ЖИЕНҚҰЛОВ («Ащысай» шаруа қожалығы, Жылыой ауданы), Ғилымғали ЗАЙДЕКЕНОВ («Райымбек» шаруа қожалығы, Индер ауданы), Сәндібек АТОЛОВ («Атолов» шаруа қожалығы, Исатай ауданы), Біржан КЕНЖЕБАЕВ («Құрманғазы» сервистік-дайындау орталығы» ЖШС), Енисей ЮН («Феликс» шаруа қожалығы, Махамбет ауданы), Хайреден НАЙБАЕВ (Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы) облыс әкімінің алғыс хатын иеленді. Диқан Қалдықыз ДОСЖАНОВА («Сұлтан» шаруа қожалығы, Атырау қ.), механизатор Айтуар МЫРЗАҒАЛИЕВ («Қарағай» шаруа қожалығы, Жылыой ауданы), егін шаруашылығының басшысы Ақеділ ШАЛҚАРОВ («Алға-1» шаруа қожалығы, Индер ауданы), мал дәрігері Исламғали МАРДАШОВ, Исатай аудандық ветеринарлық бөлімнің бас маманы, мал өсіру шаруашылығының басшысы Кенжебай ӘЛКЕНОВ («Қуаныш» шаруа қожалығы, Қызылқоға ауданы), зоотехник Сайпеден ИБРАГИМОВ («Құралай» корпорациясы, Құрманғазы ауданы), сауыншы Жанар БЕГІМБАЕВА (суретте) («Первомайский» ЖШС, Махамбет ауданы) өз мамандығының үздігі деп танылды.

Облыстық ардагерлер кеңесі мерекеге өз сыйлығын ұйымдастырды. Социалистік Еңбек Ері Сақан Дәулетқалиев атындағы сыйлық облыстың үздік шопанына табысталады.    С. Дәулетқалиев өз қолымен Тасемен ЖАНҒАЛИЕВКЕ («Мақаш» ӨК, Құрманғазы ауданы) 100 мың теңге табыстады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.