Атырау, 26 қараша 13:59
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Газ, жол, ошағандар проблемасы

2 343 просмотра

19 қарашада «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында Құрманғазы ауданының әкімі Амангелді БАРАҚАТОВТЫҢ (суретте) қатысуымен брифинг өтті.

Биылғы қыркүйекте аудан өзінің 85 жылдығын атап өткен еді. Әкім қызықты цифрларды келтірді: 1928 жылы аудан құрылған кезде 33,9 мың сиыр (қазір үстіне 15 мың бас қосылған), 37,7 мың қой мен ешкі (қазір – 156,6 мыңға көп), 34,8 мың жылқы (қазір – 19,5 мыңға аз) және 12,2 мың түйе (қазір – 6,7 мыңға аз) болған. Аудандық әкімдіктің «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына енгізген жобаларының ішінен «Досжан и Ко» ЖШС-нің қамысты-жоңқалы тақталар шығаратын зауыт құрылысы назар аударарлық. Бұл - тұрғын үй құрылысында және жиһаз өндірісінде кең қолданылатын ағаш жоңқалы тақталардың (ДСП) баламасы. Аудан аумағы 2 млн гектардан астам, оның көптеген гектарларына қалың қамысты қопалар өскен, сондықтан шикізат жеткілікті.

Азғырдың шалғайлығы - құбыр суының, табиғи газдың және асфальтталған жолдардың жоқтығына себеп болып отыр. А.Барақатов Қоянды топтық су құбырының құрылысы 2014 жылы аяқталады деп уәде берді. Азғырға табиғи газ жүргізудің және ол жерден жол салудың қаншаға шығатынын есептеді. Тиісінше, 28 млрд пен 38 млрд теңге болды, бұл сомаларды бюджеттің қалтасы көтермейді. Жергілікті билік жасаған бірден бір нәрсе – Сүйіндіктен сұйытылған газ баллондарын толтыратын екі бекет ашқан.

Барақатовтан бұрын болған әкім Серік Арыстанов ауданда жоңышқа көбейіп кеткен, соның салдарынан бау-бақша мен жайылым жоғалып кетті деп облысқа дабыл қаққан еді. А. Барақатовтың айтуынша, ол істі әрі қарай қолға алған. Ғаламтордан анықтама жинап, бұл проблеманы шешуде белорустық агрономдардың табысқа қол жеткізгенін анықтапты. Минскіге кәсіпкерлердің бірі барып, өзімен бірге ошаған сабақтарын ала кеткен. Ол жердегі мамандар құрманғазылық ошаған мал азығы үшін жарамды деген қорытынды жасап, ошағаннан ақша табу үшін аудан әкімдігіне арнап бизнес-жоба жасауды ұсынған. Құрманғазылықтар әзірге ойланып отыр.

А.Барақатовтың баяндамасында қылмыс туралы мәліметтер болмады. Журналистер осыған назар аударып, облыстың басқа аудандары секілді Құрманғазыда да мал ұрлау фактілерінің көбейіп бара жатқандығына қатысты сұрады. Аудан әкімі қылмыскерлермен күресу үшін аудандық полиция штатында 22 қызметкердің жетіспейтіндігін желеу етті. Құқыққорғау органдары барымташыларға тосқауыл қою мақсатында малды, етті тасымалдауға және мал сою цехтарын бақылауға алған. Алайда әзірге нәтиже шамалы болып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.