Атырау, 26 қараша 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қоғамдық тыңдаулар керек

1 758 просмотра

ҚР Конституциясының 86-бабының және ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы” Заңның 13-бабына сәйкес қалалық және облыстық мәслихаттардың тұрақты комиссиялары “ТКШ-ға жауап беретін облыс және Атырау қаласы әкімдерінің орынбасарларының, сондай-ақ “Қазтрансгазаймақ” АҚ басшыларының тұрмыстық тұтынушылар мен тұрғын үй-коммуналдық нысандарды газбен қауіпсіз қамтамасыз ету жұмыстары туралы есептерін тыңдау” тақырыбында қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырулары керек.

Бұған жыл сайын газ қолданудағы бақытсыздық жағдайларынан адамдардың қаза болулары себепші болар еді. Тек 2013 жылдың басынан бастап Атырау облысында осы себептен 14 адам бақилық болды.

2013 жылғы 19 қыркүйекте “АЖ” газетіне менің “Газбен қамту мен техникалық қызмет көрсетуді бөлуге болмайды” деген мақалам жарық көрді, онда бақытсыздық жағдайлар негізінен ҚР “Газ және газбен қамту туралы” Заңын бұзғандықтан болып жатқанын дәлелдедім.

Атап айтсақ, келесі Заң талаптары орындалмайды:

1. ҚР “Газ және газбен қамту туралы” Заңның 7-бабына сәйкес жергілікті басқарушы органдар газ жабдықтарын қауіпсіз қолдану талаптарының орындалуына бақылау жасаулары керек. ‡кіметтің 2011 жылғы 25 қазандағы шешімі негізінде тұрғын үйлер мен ТКШ нысандары ндағы қауіпсіздікке бақылау жасау жергілікті атқарушы органдар жанындағы тұрғын үй инспекциясының газ бөлімдеріне жүктелген. Өкінішке орай, облысымызда мұндай инспекциялар жоқ.

“Газ және газбен қамту туралы” Заңның 7-бабы 2-тармағына сәйкес ТЖМ жанындағы өнеркәсіптегі газ шаруашылықтарына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның құзырына тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бақылау жасау кірмейді. Осылайша миллиондаған адамдардың газды қолдануы өз бетімен жіберілген.

2. Осы Заңның 19-бабына сәйкес газ беруді жүзеге асыратын газ желілік ұйым коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылармен техникалық қызмет көрсету шартын жасасуға міндетті. Алайда Заңның осы талабын “Қазтрансгазаймақ” орындамай отыр. Сонымен қатар үкіметтің 04.07.2012 күнгі №907 қаулысымен бекітілген газды бөлшек саудамен өткізу типтік шарты бойынша жеткізушінің міндеттемелері де орындалмай отыр. Бұл міндеттемелердің ең бастысы - газбен қамту жүйесіне алдын алу қызметтерін көрсету, диагностика, жөндеу жасау.

Сондықтан да тұрмыстық тұтынушылар мен тұрғын үй-коммуналдық нысандарды газбен қауіпсіз қамтамасыз ету бойынша тұрақты қоғамдық тыңдаулар қажет деп есептеймін.

Қ. Әубекеров, Атырау облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымының бұрынғы депутаты

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.