Атырау, 26 қараша 12:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Талабыңыз бар ма?

1 363 просмотра

Кәсіпкер болу осынау мәртебелі кәсіпті тастауға қарағанда анағұрлым жеңіл. Мәселен, жеке кәсіпкер болу үшін бірер күн жеткілікті, ал егер ісіңіз үйлеспей, өз жеке кәсіпкерлігіңізді таратқыңыз келсе, нағыз машақат осы.

Өз қызметтерін тоқтатқан кәсіпкерлердің көпшілігі осынау күрделі процедураны елемей жатады. Осы бағыттағы жалпы сот тәжірибесі туралы мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта өткен дөңгелек үстелде айтылды. Салық төлеушілерді сот тәртібімен мәжбүрлеп тарату процедурасы 2012 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 2-бабының шеңберінде жүргізіледі. Осы бапқа сәйкес, мәжбүрлі таратылуға тиесілі салық төлеушілер кредиторлар мен басқа тұлғалардың тарапынан оларға қатысты талаптар болмаған жағдайда таратылатын болады. Бұл тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне осы салық төлеушінің қатысы болуы мүмкін. Мәжбүрлі тарату үшін олар бірқатар шарттарға сай келуі тиіс. Мәселен, 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін салық есептілігін ұсынбаған; экспорттау-импорттау операцияларын жасамаған; банктік есеп-шоттар бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырмаған заңды тұлғалар таратуға тиесілі. Сонымен қатар, 2012 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша өз қызметін тоқтатпағандарға нысанға меншік құқығымен мүлікке салықтар салынады. Бұл заңды тұлғалар қосылған құн салығына салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмауы тиіс.

Мәжбүрлі таратылуға тиесілі салық төлеушілердің тізімі жасалды. Олармен департаменттің www.taxatyrau.kz сайтынан танысуға болады. Егер кімде-кімнің таратылуға тиесілі белгілі бір заңды тұлғаға талаптары бар болса, осы заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша салық органына хабарласуы қажет.

Қазіргі кезде Атырау қаласы бойынша салық басқармасына заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мәжбүрлі тарату туралы 49 талап-арыз берілді, - дейді Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің меңгерушісі Шолпан АМАНТАЕВА. – Жыл аяғына дейін олардың саны үш мыңға дейін жетеді деп ойлап отырмыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.