Атырау, 26 қараша 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қиранды үстіндегі мерейтой

1 847 просмотра

Үстіміздегі жылдың күзінде «Атырау Балық» АҚ өзінің 80 жылдық мерейтойын тойлар еді. Алайда...

Өткен жылдың желтоқсан айында Атырау облысының мамандандырылған экономикалық соты «Атырау Балық» АҚ-ны банкрот деп таныды. Осы жылдың 16 қаңтарында конкурстық басқарушы тағайындалып, оған банкроттық рәсім кезіндегі борышкердің мүліктері мен істерін басқару бойынша барлық құзыреттіліктер берілді.

Бүгінгі таңда кәсіпорынның негізгі құралдары мен материалдық қорларын түгендеу (инвентаризациялау) жүргізілді. Мүліктерді бағалау аяқталуға жақын.

«Атырау Балық» АҚ-ның кредиторлар алдындағы қарызы банкроттық рәсімдерінің басталуы алдында 2,5 млрд теңгені құраған, осылардың 853 миллионы заңмен негізделген деп танылды. Бұл сомаға әлі күнге дейін жабылмаған жалақы бойынша қарыздар – 106 млн теңге де кіреді.

«Атырау Балық» АҚ-ның осы қарыздарды жабу үшін активтері жеткілікті ме? Бұл бағалау жұмыстары аяқталған соң ғана белгілі болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.