2001 жылғы 21 қарашада Мақат ауданында «Ақ Ниет» қайырымдылық дүкені ашылды. Сол жылдары ауданда 386 аз қамтылған отбасы тіркелген еді. Демеушілік көмектің арқасында дүкеннен нарықтағы құнынан үш-төрт есе арзан азық-түлік өнімдерін алуға болатын еді.
...Осы күні полицейлер Теңіз вахталық ауылында вахталықтар мен олардың ақылы бикештеріне 500 теңгеге бөлме жалдаған күзетшіні ұстады.
***
2003 жылы 21 қарашада сол кездегі қалалық ТКШ бастығы «дренаж жұмыстары аяқталуға жақындады, енді балшық болмайды», - деп Привокзальный тұрғындарын қуантты.
...Көші-қон полициясы қала тұрғындарына кезекті рет ескерту жасады: «Кеңестік төлқұжаттарын ауыстыруды қалайтындарға Қазақстанның нағыз азаматы болуға тағы да мүмкіндік берілді!». Сол уақытта кейбір атыраулықтар өздерінің «орақ пен балғасы» бар құжаттарынан арылуға асықпады, бұл көші-қон полициясына аса ұнай қоймап еді.
...Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы қарашада 47 055 теңгені құрады.
***
2004 жылғы 21 қарашада Атырауда француз елшілігі ашылды. Құрметті консул болып «Шлюмберже» компаниясының бизнесті дамыту бойынша бөлімшелері бірінің менеджері Жеро де Лаппар де Сен-Сернен тағайындалды.
...Сол кезде халық арасында «Әлиев-Құрманғазы ықшамауданы» ретінде танымал болған жаңа тұрғын үйлер тұрғындары үйлерін электрмен қамту желісіне қосуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді.
...Қазгидромет орталығы Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары аумағында боран болады деп штормдық ескерту таратты. Дауыл кезінде Атыраудың оң жақ жағалауының үлкен бөлігі тәулікке жақын уақыт жарықсыз отырды.
***
2006 жылы 21 қарашада «Қазақтелеком» нөмірлерді автоматты түрде анықтаудың жаңа технологиясын енгізді.
Ал бұл уақытта денсаулық сақтау бойынша үйлестіруші кеңестің отырысында медицина қызметкерлері келесідей мәлімдеме жасады: «Аналардың өлімі жыл басынан бері өткен жылға қарағанда төмендеді, алайда оның облысымыздағы деңгейі жалпыреспубликалық деңгейден 32%-ға артық. Бала өлімі 12%-ға, жаңа туған балалардың шетінеуі екі есеге өсті: егер өткен жылы перзентханада нәрестелер өлімінің 20 оқиғасы тіркелсе, биыл 40-қа жетті».
***
2008 жылғы 21 қарашада махамбеттік агроном Махамбетов селекциялық жұмыстар барысында жаңа азықтық шөп будандастырып шығарды. Түйе бұршақтың жаңа сортын «сарайшық» деп атады.