Мәскеуге еңбек құлдығына сатылып, сонда қайыр тілеп жұмыс істеген Токмок қаласының №2 психоневрологиялық үй-интернатының тәрбиеленушілері келесі аптада Бішкекке қайтады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстанның әлеуметтік даму министрі Құдайберген Базарбаев хабарлады.
«Аталмыш үй-интернаттың директоры атқарған қызметінен босатылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бұғанға дейін бірнеше заң бұзушылық жасап, оған ескерту жасалып, одан кейін сөгіс жарияланған болатын», - деді министр.
Еске сала кетсек, 2013 жылдың қазан айында үй-интернат директоры екі тәрбиеленушісін 500 долларға сатып жіберген. Балалар екінші топтағы мүгедектер болған. Олар Мәскеу көшелерінде қайыр тілеу үшін Ресейге заңсыз түрде жеткізілген.
2013 жылдың 28 қазанында үй-интернаттың тәрбиеленушілері сатып алушымен бірге «Манас» халықаралық әуежайынан «Бішкек – Мәскеу» әуе рейсімен ұшқан.
Интернат директоры әрекеттерінің заңды екенін көрсету үшін тәрбиеленушілерді Токмок қаласындағы туыстары алып кетті деген жалған құжат жасаған.
Дереккөз: BNews.kz
В Атырау +3