Атырау, 5 мамыр 15:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

3 321 просмотра

ҚІІБ-не 47 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 36 жастағы алаяқ оны жұмысқа орналастырам деп 50 мың теңгесін, ғайып болған. Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 177-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Лесхоздың жас тұрғыны полицияға шағымданды. 14 қарашада сағат 20-да Азаттық бойындағы кафелердің бірінің жанында белгісіз ер адам оны тонап, ұялы телефоны мен 400 теңгесін тартып алған. Жалпы зиян мөлшері 14 мың теңгені құрады. Күдікті, 25 жастағы Авангард тұрғыны ұсталды.

***

Қарашаның 14-де полицияға Привокзальныйдың 38 жастағы тұрғыны хабарласып, алдыңғы күні кешкісін 5 айдан бері бірге тұрмайтын 29 жастағы күйеуінің зорлап кеткеніне шағымданды. Зорлықшыға іздеу жарияланды.

***

Құлсары қаласындағы ҚІІБ-не 20 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Қазан айында оның өгей шешесі құны 120 мың теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған. Күдікті іздестірілуде.

***

Полицияға 31 және 27 жастағы әйелдер хабарласты. 16 қарашаға қараған түні Шәріпов көшесінің бойындағы кафенің жанында белгісіз ер адам олардың бет-жүздеріне зақым келтіріпті. Бұзақылық жасады деген күдікпен 23 жастағы Балықшы тұрғыны ұсталды.

***

Құлсары қаласында 16 қарашаға қараған түні 27 жастағы ер адам «Лада» ВАЗ-21104 көлігін ұрлап айдап кетіп, алғашқы қиылыста-ақ «Тойота Ланд Круизер-200» көлігімен соқтығысқан. Көлік ұрлаушы ұсталды.

***

Қарашаның 16-да кешкісін Исатай ауданының Аққыстау поселкесінде 51 жастағы «Нива» ВАЗ-21214 жүргізушісі көшеге жүгіріп шыққан 4 жасар баланы қағып кетті. Сәби алынған зақым салдарынан ауруханада көз жұмды.

***

Криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 15 жасар оқушы қызды ұстады. 10 қазанда бірінші сынып оқышысының «Самсунг-Галакси» ұялы телефоны ұрланып кетіпті. Күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен ұсталды.

***

Қарашаның 16-да «Насиха» базарының азық-түлік бутигінде белгісіз біреу күнбағыс майының 5 литрлік бөтелкесін қолды қылған. Ұрлық жасады деген күдікпен Атырау қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Қарашаның 17-не қараған түні Ақсай селолық округінің 21 жастағы тұрғынын белгісіз біреу Азаттық даңғылы бойындағы үйдің подъезінде зорлаған. Зорлықшы - 44 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

***

Қарашаның 19-ына қараған түні Құлсарыда белгісіз біреулер үй ауласында тұрған КамАЗ-дың аккумуляторын ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен қаланың 22 және 23 жастағы тұрғындары ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

20 қараша 2013, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.