Атырау, 1 қараша 21:18
 дождьВ Атырау +11.5
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Атырауда қай көшелерде жарық өшіріледі

52 рет қаралды

2–9 қараша аралығында Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендерде электр энергиясы уақытша өшіріледі. Бірнеше сағатқа жарықсыз қалуы мүмкін тұрғындардың қатарында Алмагүл және Лесхоз шағынаудандарының, қаланың орталық бөлігіндегі бірқатар көшелердің, сондай-ақ Ақсай мен Еркінқала ауылдарының тұрғындары бар.

«Атырау Жарық» ЖШС электр желілерінде жүргізілетін жұмыстардың кестесін жариялады.

Энергетиктердің ескертуінше, электр энергиясының уақытша өшуі трансформаторлық қосалқы станциялар мен әуе электр желілерінде жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты.

Электр энергиясын өшіру ұзақтығы учаскеге байланысты 4,5 сағаттан 9,5 сағатқа дейін созылады.

Төменде компания хабарламасында көрсетілген мекенжайлардың толық тізімін ұсынамыз.

2 қараша, дүйсенбі

09:30-дан 14:00-ге дейін

КТП-11/3, 0,4 кВ ӘЖ, №1 фидер.

  • Бұқтырма көшесі;

  • Шаған көшесі.

09:30-дан 17:00-ге дейін

КТП-91/26, 0,4 кВ ӘЖ, №1 фидер.

Ақсай ауылы:

  • Достық көшесі;

  • Қазақстан көшесі;

  • Ақжайық көшесі;

  • Исатай Тайманов көшесі;

  • Атырау көшесі;

  • 30-көше (атауы компанияның кестесінде осылай көрсетілген).

3 қараша, сейсенбі

09:30-дан 19:00-ге дейін

ПС-3, 6 кВ ӘЖ, №2 фидер.

  • Қарымсақов көшесі;

  • Азаттық даңғылы, №70, 72, 72а, 72б, 74в, 76а, 76б үйлер.

09:30-дан 19:00-ге дейін

ПС-3, 6 кВ ӘЖ, №13 фидер.

  • Жалантөс батыр көшесі;

  • Рауан көшесі;

  • Сол жақ Перетаска көшесі.

4 қараша, сәрсенбі

09:30-дан 18:00-ге дейін

РП-5, 10 кВ ӘЖ, №173 фидер.

Лесхоз шағынауданы:

  • Қ. Медеубаев көшесі;

  • Т. Садыков көшесі.

10:00-ден 17:30-ға дейін

РП-7, 6 кВ ӘЖ, №501 фидер.

  • Шәріпов көшесі;

  • «Лагуна Парк» тұрғын үй кешені.

5 қараша, бейсенбі

Бұл күні жоспарлы жұмыстар Алмагүл шағынауданының бірнеше учаскесінде жүргізіледі.

10:00-ден 17:30-ға дейін

ТП-701/3:

- №17, 18, 19, 20 үйлер.

ТП-701/4:

- №19, 20, 21, 22, 23, 23а үйлер.

ТП-701/5:

  • №23, 24 үйлер;

  • Сатыбалдиев көшесі;

  • Ғ. Әбдірахманов көшесі.

9 қараша, дүйсенбі

10:00-ден 17:30-ға дейін

ТП-701/1.

Алмагүл шағынауданы:

  • №1, 2, 3, 4 үйлер;

  • Амандосов көшесі;

  • Сұлтан Бейбарыс даңғылы.

ТП-701/2.

Алмагүл шағынауданы:

- №7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 үйлер.

10:00-ден 17:30-ға дейін

КТП-862/8.

Еркінқала ауылы:

  • 38-көше;

  • 39-көше;

  • Ғ. Елеманов көшесі;

  • Е. Азбергенов көшесі;

  • М. Шонбасов көшесі;

  • Б. Сыртанұлы көшесі.

Тұрғындар нені білуі керек?

«Атырау Жарық» компаниясының түсіндіруінше, электр энергиясын уақытша шектеу электр желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізу үшін қажет.

Тұрғындарға күнделікті шаруаларын жоспарлау кезінде электр қуатын өшіру кестесін ескеріп, қажетті құрылғыларын алдын ала қуаттап алу ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс жүргізілетін уақытта сезімтал тұрмыстық электрониканы электр желісінен ажыратып қойған жөн.

Бүгін, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.