Атырау, 30 қазан 16:19
 дождьВ Атырау +17
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63

Ресейге жасалған дрон шабуылы: Самара маңындағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

66 рет қаралды

Ресейдің бірнеше өңірінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы тіркелді. Шабуыл нысанасына Самара облысындағы Новокуйбышев мұнай өңдеу зауыты мен Брянск облысындағы кәсіпорын іліккен. Бұл туралы ASTRA Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарланды.

Басылымның OSINT-талдау мәліметінше, Самара облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылынан кейін Новокуйбышев мұнай өңдеу зауытының аумағында өрт шыққан. Аталған кәсіпорында авиациялық отын да өндіріледі. Өңір губернаторы Вячеслав Федорищев әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен мобильді атыс топтарының жұмыс істегенін растады. Оқиғаға байланысты өңірдегі әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған.

Бұдан бөлек, Брянск облысындағы Стародуб қаласында құрғақ азық-түлік жиынтықтары мен консервілер өндіретін «Консервсушпрод» кәсіпорны да дрондар шабуылына ұшыраған болуы мүмкін. Желіде жарияланған кадрларда ғимараттың өртеніп жатқаны көрінеді. Әзірге жергілікті билік бұл нысанға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Сонымен қатар Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин шабуылдардың бірі ең ауқымды болғанын мәлімдеді. Оның дерегінше, 29 қазан кешінен 30 қазан таңына дейін Мәскеу өңіріне қарай 862 ұшқышсыз ұшу аппараты бағытталған. Қала басшысының айтуынша, олардың басым бөлігі алыс шепте жойылған, ал 170 дрон елордаға жақындаған кезде залалсыздандырылған.

Бүгін, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.