AZATTYQ.ORG «”Сирияға кетті” дегендердің тағы бірнешеуі анықталды» - Ақтөбенің Темір ауданынан «Сирияға кетті» делінген адамдардың алтауының аты-жөні белгілі болды. Туыстары олардың да «Египетте дін оқып жатқанын» айтады.
«Қазандағы ұшақ апатының себебі айтылды» - Алдын-ала тергеу тергеу деректеріне қарағанда, "Қазанда "Татарстан" әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына пилоттың қателігі себеп болуы мүмкін".
«Қазақстан бюджеті олимпиаданы көтере ала ма?» - Алматы олимпиада өткізуге үшінші рет өтініш берді. Азаттық тілшісі Олимпиада ойындарын өткізуге жұмсалатын шығынды есептеп көрді.
«”Фукусиманы” залалсыздандырудың қиын кезеңі басталды» - Жапон мамандары Фукусима атом электр станциясының уран отыны құйылған ыдыстарын алуға кірісті.
ABAI.KZ. «Мені Ресейге сатылды деп жүр...» - Бұрынырақта арынды болып көрінген Қазғарыш басшысы, қазақтан шыққан екінші ғарышкер Талғат Мұсабаевты қазақ қоғамы соңғы кезде гептил мәселесіне қатысты көбірек айыптайтыны рас.
«Путин «жаман үйдің қонағы билейтінін» айтып жүр» - В.Путин өз сөзінде бұрындары талқыланатын аясы тар тақырыптар шеңберінен шығып мемлекет пен ұлтқа қатысты іргелі мәселелерді қозғады.
AIKYN.KZ «Несие – сауда мен өнеркәсіптің еншісінде» - Банктер ел экономикасын қаржыландыруды 10 пайызға ұлғайтыпты.
«Ерте тұру – еңсеңді көтереді» - Шаруаның көбі таңертеңгі уақытта жасалады. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген қазақ халқы түске дейін теңкиіп жата беретіндерді ұнатпайды.
«”А” корпусы жаңадан іріктеледі!» - Жақында «А» корпусына жаңа іріктеу жүреді. Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік басқарушылары енді жаңа, жетілдірілген әдістеме бойынша іріктелмек.
SERKE.ORG. «Оқытудың кембридждік тәсілі бізге таңсық па?» - Соңғы кездерде ақпарат құралдарында мектепте оқыту сапасын көтеру үшін тұлғалық-бағдарлы білім беру, саралап және даралап оқыту, инновация, жаңатехнология, топтап, жұптапоқыту, т.б. келістер (подход) менәдіс-тәсілдерді пайдалану керек деп кең түрде айтылып та, жазылып та жүр.
«Желтоқсаншылар қатыспайтын құрылтайдың мәні бар ма?» - Қарашаның 23-іне жоспарланған ұлтшылдардың құрылтайы қазақ қоғамын бөлшектеп, жырым-жырым қылып кеткелі тұр.
«Қазақтар бесікті қоқысқа лақтырып жатыр» - «Сұмдық-ай!» дегім келіп тұр. Алайда мына сұмдыққа бұл сөздің ауқымы тарлық етпек.
ALASHAINASY.KZ. «Мағжанның сүйегін Магаданнан емес, Жаңалықтан іздеген жөн» - Мағжанның сүйегін Магаданнан емес, «Жаңалықтың» жанынан іздеген жөн. Сонда жатыр. Ол еліне өлу үшін оралды.