Атырау, 29 қазан 17:34
 дождьВ Атырау +17.5
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық мониторингті жаңа деңгейге көтерді

77 рет қаралды
фото АМӨЗ
фото АМӨЗ

Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ ЖШС) «Ашық аспан» экологиялық жобасын іске қосты. Жоба аясында зауыттың бақылау бекеттерінен алынған деректер Қазгидрометке әр 20 минут сайын жіберіліп отырады.

Атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын автоматты станциялардан алынған ақпарат ECO-WEB арнайы платформасы арқылы экологтарға тікелей беріле бастайды.

Кәсіпорынның атап өтуінше, қолданылатын тетік деректерді беру процесіне АМӨЗ-дің ішкі серверлік инфрақұрылымының қатысуын толығымен жоққа шығарады. Бұл экологиялық мониторингтің объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта зауыт мамандары Қазгидромет сарапшыларымен бірлесіп, жүйені баптау жұмыстарын жүргізіп, деректерді тестілік режимде жіберуде.


Бүгін, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.