Атырау, 29 қазан 17:34
 дождьВ Атырау +17.5
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Атырауда кәсіпкерлер күні: 117 бизнес өкілі марапатталды

95 рет қаралды

Атырауда Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай жергілікті бизнестің 100-ден астам өкілі марапатталды.

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы 117 адамға алғыс хат табыстады. Сондай-ақ өңір кәсіпкерлеріне «Атамекен» ҰКП наградалары мен «Іске адалдығы үшін» медальдары берілді.

Марапатталғандардың қатарында кәсіпкер әйелдер, агробизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен серіктес ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аудандық кеңесшілер бар.

Бұдан бөлек, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен іс-шарада «Адал кәсіпкер» арнайы номинациясының жеңімпазы анықталды. Бұл марапат Electrical Service Skills компаниясының құрылтайшысы әрі басшысы Аян Жәрдемовке бұйырды. Номинация заң талаптары мен ашықтық қағидаттарын қатаң сақтайтын кәсіпкерлерді атап өтуге бағытталған.

«Биыл Қазақстанның кәсіпкерлік қауымдастығы бұл мерекені екінші рет атап өтіп отыр. Бұл — бизнестің елді дамытуға қосқан үлегінің мойындалуы. Кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып, өндірісті дамытады, бюджет кірісін қалыптастырады және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз етеді», — деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Ермұханов.


Бүгін, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.