Атырау, 29 қазан 14:37
 дождьВ Атырау +10.2
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Атырауда Sulpak дүкеніндегі жарылыстан зардап шеккен адамның жағдайы ауыр

69 рет қаралды
Иллюстрациялық фото
Иллюстрациялық фото

Авангардтың 2-шағынауданында таңертең болған оқиғадан жарақат алған адамға облыстық аурухананың дәрігерлері медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам аурухананың қабылдау бөліміне сағат 10:03-те жеткізілген. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Еске салайық, 29 қазанда сағат 9:30-да тұрмыстық техника сататын Sulpak дүкенінің ғимаратына жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылған. Жарылыс толқыны көршілес тұрғын үйдің терезелерін сындырып, екі автокөлікке зақым келтірген.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.