Атырау, 26 қараша 12:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Көмексіз болмайды

1 495 просмотра

Бүгін, 19 қарашада облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған үкімет отырысында сөз сөйледі.

Премьер-министр Серік АХМЕТОВ жиналыста үкімет Атырау облысында белгілі жемқорлық жанжалдардан кейін құрылыстары тоқтап қалған нысандарды аяқтауға көмектесетін болады деп мәлімдеді.

«2014 жылы өзекті болған мәселелерді жауып, шешімін табу керек. Атырауға көмектесуіміз қажет, соның ішінде бас жоспар бойынша да, проблемалы нысандарға байланысты басқа да мәселелер бойынша көмек қолын созамыз. Өйткені осы жылдар бойы олар белгілі себептермен, қылмыстық тергеуге байланысты тоқтап тұрды. Қазір осы жобаларды кері қарау жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан да облыс әкіміне көмектесуіміз керек», - деді премьер-министр. Ол премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВҚА, өңірлерді дамыту министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Атырау облысы бойынша барлық проблемалық мәселелерді кері қарап, 1 желтоқсанға дейін ұсыныс енгізуге тапсырма берді.

Үкімет отырысы барысында облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов өңірде «көптеген проблемалар бар» екендігін айтты. 2011-2012 жылдары 29 нысан салу жоспарланған. «Өкінішке орай, осы жылдары 20 нысан бір мердігерге, тоғыз нысан тағы бір басқа мердігерге берілген, ал бұл нысандардың басшылары 2012 жылдан бастап қылмыстық жауапкершілік тартып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, ол №5 сүзгі станциясы құрылысының жобасы бойынша қылмыстық істің қозғалуына және тергеу шараларының өткізілуіне байланысты №2 сүзгі станциясын қайта жаңғырту жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға кірісуге технологиялық мүмкіндігіміз болмады.

Су тазалау құрылғылары мен су құбырларын салуда бюджет қаржыларының қолды болуы туралы бір жылдан бері жазылып келедіҚолды болған қаржылар»). Сонымен қатар, әкім күзде Нұрсая ықшамауданындағы концерт залының құрылысы жанданады деп сөз берді («Иесіз нысандар немесе «СнабОйлСтройдың» аяқталмаған кешендерінен не қалады?»). Мүмкін, енді іс өрге басатын шығар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қараша 2013, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.