
Атырауда «Байзар» сауда-ойын-сауық орталығында жанжал шығарған 21 жастағы жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Оқиға 24 қазанда «Байзар» сауда-ойын-сауық орталығының әйелдер дәретханасында болған. Сол жерде келуші әйелдер көрші кабинкадан өздеріне сығалап қарап тұрған жігітті байқап қалған. Әйелдердің айтуынша, ол болған жайтты ұялы телефонына да түсірген.
Жігіт жанжалдан аман қаламын деген үмітпен кабинаның есігін ішінен бекітіп алған. Алайда есіктің сыртында біртіндеп ашынған әйелдердің тобы жиналған. Оқиға орнына алдымен күзет қызметі, кейін полиция шақырылған. Ақыры жас жігіт сыртқа шығып, келуші әйелдердің наразылық білдірген дауыстарының арасынан өтуге мәжбүр болған.
Нәтижесінде сот 21 жастағы жігітті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салды.
Бұл бап бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
В Атырау +13.8