Атырау, 19 желтоқсан 02:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Бәрiне көне беретiн халық жемқор билiктiң, пайдакүнем қытайдың тауқыметiн тартады». «Тәуелсіздік мерекесі жаңа жылдың көлеңкесі ғана». «Саудагерлер “өрттің себебін нақты айтуды” сұрайды». «Тайжан мен Мәмбеталин төбелессе, қайсысы жеңеді?».

2 389 просмотра

ZHASALASH.KZ     «Бәрiне көне беретiн халық жемқор билiктiң, пайдакүнем қытайдың тауқыметiн тартады» - Жемқорлық, пара беру, ақша жеу мен майлы шелпектi бөлiске салу тыйылмайынша, халық жиған зейнетақы салымдарынан пайда түспейдi, керiсiнше, одан да айырылып қалуымыз ғажап емес.

«Базардың басынан өрт кетпедi» - Ол текетiрестiң, наразылықтың салдары емес пе?

ABAI.KZ.  «Тәуелсіздік мерекесі жаңа жылдың көлеңкесі ғана» - «Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды» депті ғой баяғыда біреу. Баяғыда біреудің не айтып Құдайдың зарын қылғанын қайдам, Тәуелсіздік мерекесінен ай бұрын қазақ жерінде жасанып шыға келетін жаңа жыл туралы айта-айта Үкіметтен ұят болды...

«Халықтық бақылаумен жылап көрісетін болдық» - Еліміздің қай саласы да былықтан көз ашпай отыр. Әсіресе халыққа қызмет көрсету, тұтынушылық саласында келеңсіздіктер жетіп артылады.

«”Талақ” айтып тастап кете беру - діни сауатсыздық» – Елімізде тек шариғат жолымен шаңырақ көтеретіндер тым көбейіп кетуде. Неке қидыруға құмар еркектердің арасында шариғат бойынша деп бірнеше әйелмен отасып отырған азаматтар да баршылық.

AZATTYQ.ORG  «”Дербес деректер туралы заңға” күмән айтылды» - Қарашаның 25-інен бастап «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң күшіне енеді. Мамандар заңның жүзеге асуының құқықтық және қауіпсіздік жағына алаңдайды.

«”Менің атым Қожа” – 50 жылдан бері экранда» - Алматыда «Менің атым Қожа» фильмінің 50 жылдық мерейтойы өтті.

«Саудагерлер “өрттің себебін нақты айтуды” сұрайды» - “Барахолкадағы” жексенбідегі өрттен зардап шеккен жеке кәсіпкерлер 18 қарашада базар маңындағы жолды жаппақ болды.

«Insiderman сайты судьяға жала жабу ісіне ілінді» - Insiderman сайтындағы мақалаға байланысты «судьяға жала жабылды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

MAIDAN.KZ.  «33 жылдан бері бірде-бір қазақ балуаны Олимп шыңын бағындыра алмай келеді...» -  Балуандарға не жетіспейтінін қалай айтуға болады? Сайып келгенде, бәрі спортшының тумасына, мінезіне байланысты ғой.

SERKE.ORG.  «Тайжан мен Мәмбеталин төбелессе, қайсысы жеңеді?» - Ұлтшыл патриоттық алаңда жүрген Мұхтар Тайжан мен Серікжан Мәмбеталиннің арасындағы кикілжің соңғы күндері тіпті ушығып кетті.

AIKYN.KZ  «Қытай “ұлы реформалар” мекеніне айналмақ» - Қытай мемлекеті үлкен реформаларға иек артты. Бұл барлық саланы қамтымақ.

«Қазақстанда ипотека дағдарысы басталды ма?» - Қазіргі уақытта ел тұрғындары үшін жылжымайтын мүлік (пәтер немесе тұрғын үй) сатып алу мақсатында ипотекалық кредит алу күннен-күнге қиындап барады.

«Экономиканың “көлеңке” жағы да жарқырайды» - Көп жағдайда қадағаланбайтын, «көлеңкелі» экономика есірткі бизнесі, жезөкшелік, қару-жарақ саудасы, контрабанда және т.б. сияқты заңсыз экономикалық қызметпен теңестіріледі.

TURKYSTAN.KZ.  «Мүдделер мүйіздескен тұста» - Соңғы жылдарда әлемді Араб мемлекеттеріндегі күрделі қайшылықтар алаңдатуда.

«500 миллион теңгені жеп қойған шенеунік» - Ең әуелі оралмандарға бөлінген көші-қон квотасынан ши шықты.

19 қараша 2013, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.