Атырау, 20 қазан 11:00
 дождьВ Атырау +9.7
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

Атырау әкімдігі жаңа орынға көшкенін хабарлады

73 рет қаралды

Атырауда қала әкімдігінің бірқатар құрылымдық бөлімдері жаңа мекенжайға көшірілді. Жаңа ғимаратта қала әкімі мен оның орынбасарлары отырады. 

Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігі хабарлады. 

Жаңа мекенжай: Нұрсая ықшам ауданы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, №500 ғимарат.

Аталған мекенжайда:

  • Атырау қаласының әкімі және орынбасарлары;
  • Қала әкімі аппараты;
  • Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі;
  • Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі;
  • Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі;
  • Құрылыс бөлімі;
  • Ішкі саясат бөлімі;
  • Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі орналасты.

Әкімдік қала тұрғындарынан мемлекеттік органдарға өтініш білдірген кезде жаңа мекенжайды ескеруді сұрайды.

Бүгін, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.