Атырау, 19 желтоқсан 03:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстан Ресейге «Протон-М» апаты зардабының есебін жіберген». «Қазақстанда жиын бостандығын шектеу қатаюы мүмкін». «Лукашенко жақын серіктерін де қудалай бастады». «Он шенеунік орынтағынан айырылмақ». «”Елу де елуге” қайта келу...».

1 653 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Қазақстан Ресейге «Протон-М» апаты зардабының есебін жіберген» - Жергілікті ақпарат агенттіктері «Қазақстан шілдедегі «Протон-М» апаты зардабының есебін Ресейге ұсынды.

«Қазақстанда жиын бостандығын шектеу қатаюы мүмкін» - Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігін жаңа қылмыстық кодекс жобасында азаматтардың жиналу еркіндігіне құқығын толық сақтауға шақырады.

«Қырғызстанда қытай жұмысшылары көбейді» - Жүз мыңдаған қырғыз азаматы жұмыс іздеп Ресей мен Қазақстанда жүргенде, елдегі жұмыс орындарында қытайлардың көбеюі басқаларды таң қалдырады.

«Лукашенко жақын серіктерін де қудалай бастады» - Беларусь президенті Александр Лукашенко өткен аптада теледидардан бірнеше жоғары лауазымды шенеунікті сынап, қызметтерінен алып тастады. Олардың ішінде жақын серіктері де бар.

HALYKSOZI.KZ.   «Жұрттан биік Жұрынов кім?» - Осы біздің қасқа ғалымдардың қылығын түсінбейсің. Ақсақалдық жасқа келсе де академиктеріміздің аттан түскісі келмейтін керемет «белсенділігі» бар.

«Он шенеунік орынтағынан айырылмақ» - Ақордадан басталып, шен-шекпенділерді бір сілкіп алған алапат дауыл Нұрлан Қаппаровты «айналып» өтті.

«Салафилердің саясаты ұлтсыздандырудан да қауіпті» - Ислам өмір философиясы, қоғамның әрбір мүшесінің ең ұлы кісілік, құндылық иесі болып қалыптасуына, адамды сүюге, әділет, адалдық, басқа дінге құрмет пен төзімділік түсінігін егетін дін деп түсінеміз.

«”Елу де елуге” қайта келу...» - «Электронды БАҚ-тардағы тіл қатынасы 50 де 50 болуы керек». Осы әңгіменің қозғалғанына да біраз жыл. Бес жыл, әлде он жыл...

ULT.KZ.  «Машаға қарап Маржан өсер» - Нарықта бәсеке болғандықтан ба, мұқабасы жылтыраған күнделікке таңдау көп.

«Ұлағатты қағидалар» - Кейде  өзге  емес, өзіңмен  сырласуға  тура  келеді.

MASA.KZ. «Марченко мазақтап кетті» - Төл валютамыз – теңгенің 20 жылдығына келіп төбе көрсеткен Григорий Марченко қазір шат-шадыман хал кешіп Швейцарияда тұрып жатыр екен.

MAIDAN.KZ.  «Қазіргі қазақ мәселесі» - Бұл күндері адамзат баласы үшінші мыңжылдықты басынан өткізуде.

«“Досханның көлеңкесінде қалудың өзі кішігірім бақыт”» - Көңіл жұбату–біреуге қалтаңнан ақша суырып беру емес.

 «”Үш жас бақытты болсын!” шоуының қызығы пен шыжығы» -  Сахнада жүрген саңлақтардың өнерлерінен гөрі жеке өмірі қарапайым халықты қызықтырады. Халықтың адамы болғандықтан, артынан сөз еру заңды құбылыс секілді.

18 қараша 2013, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.