Атырау, 19 қазан 10:32
 дождьВ Атырау +9.7
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Атырау облысының әкімі тұрғындардың шағымынан соң тұрғын үй кешендерін аралады

77 рет қаралды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов «Samal Town» және «Abyroy Residence» тұрғын үй кешендеріне барды.

Тұрғындардан түскен шағымдарға байланысты аймақ басшысы жылыту маусымының қауіпсіз әрі іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуді және инфрақұрылымдағы ақауларды тез арада жоюды тапсырды.

Бұған дейін тұрғындар жеке қабылдау кезінде қазандықтар мен кәріз жүйесіндегі кемшіліктерге шағымданған болатын. Салдарынан апатты жағдайлар жиілеп, ақаба су сыртқа жайылған.

Қазіргі уақытта екі кешенде де инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр:

  • «Samal Town» ТҮК (442-ге жуық пәтер): Тұрғындар үйдің іші тиісті деңгейде жылымайтынын айтқан. Қазір ТҮКШ балансындағы екі жылу алмастырғыш химиялық әдіспен қақтан тазартылуда. «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Ренат Мұратовтың сөзінше, бұл жұмыстар айдың соңына дейін толық аяқталады.
  • «Abyroy Residence» ТҮК (400-ге жуық абонент): Кешендегі ақаба суды үздіксіз сорып отыру үшін арнайы апаттық вакуумды машиналар кезекшілікке қойылған.

Жергілікті әкімдік мәселені түбегейлі шешу үшін қажетті жабдықтарды сатып алу процесін бастаған болатын. Қолданыстағы рәсімдерге байланысты уақытша кідіріс орын алды.

20 қазанда конкурстық сатып алулар аяқталған соң, қос кешенде де жоғары қуатты сорғылар орнатыла бастайды. Бұл шара тұрғын үйлердегі су бұру жүйесінің іркіліссіз жұмыс істеуіне жол ашады.

Облыс әкімі Болат Ақшолақов қала әкімдігіне дайындық барысын ерекше бақылауда ұстауды және проблемалық нысандарға сорғы қондыру бойынша бірыңғай стандартты енгізуді жүктеді.

Бүгін, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.