
Атырау облысының Қызылқоға ауданында 18 қазан күні кеште Қарабау ауылынан батысқа қарай 12–13 шақырым жердегі қамыс өртенді.
Аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиевтің айтуынша, өрт сағат 22:00 шамасында тұтанған. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.
Тілсіз жауды сөндіруге 30 ерікті, МТЗ-82 тракторы, өрт сөндіру модулі және тиегіш тартылды.
Аудандық әкімдіктің берген ақпараты бойынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +9.7