Атырау, 16 қазан 16:12
 дождьВ Атырау +21.7
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

​«Атырауда жасалған» көрме-жәрмеңкесіне қатысуға өтінім қабылдау басталды

65 рет қаралды

Атырауда 31 қазанда өтетін «Атырауда жасалған/Сделано в Атырау» көрме-жәрмеңкесіне қатысуға өтінім қабылдау басталды.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлағандай, қатысуға өнеркәсіп кәсіпорындары, шағын және орта бизнес өкілдері, шеберлер мен қолөнершілер, азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық тауар өндірушілер, сондай-ақ туризм және қызмет көрсету саласындағы компаниялар шақырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге қатысу кәсіпкерлерге өз өнімдерін кең аудиторияға танытуға, жаңа серіктестер мен тұтынушы табуға және өңірлік нарықта компанияның беделін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке Әбілқайыр хан даңғылы, 79 мекенжайындағы көрме орталығында өтеді.

Өтетін уақыты — 2026 жылғы 31 қазан, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Өтінім беру үшін: 8701-667-60-77, 8775-944-98-20 (whatsapp), электронды пошта: kasipkerlik_atyrau@mail.ru.

Бүгін, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.