Атырау, 16 қазан 12:25
 дождьВ Атырау +17.1
$ 454.14
€ 509.23
₽ 5.41

Жылыой ауданында тазалықтан рекорд орнатпақшы

89 рет қаралды

16 қазан күні Жылыой аудандық әкімшіліктің ұйымдастыруымен "Greeen Zhylyoi Eхро-2026" халықаралық экологиялық фестивалі өтпекші. Бұл ауқымды шараға 5-мыңнан астам адам қатыстырылып, экологиялық рекорд орнату және GBR дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеу жоспарланған.  

Ауқымды сенбілік жалпы ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын төрт учаскені қамтиды. Қатысушылар белгіленген аумақтарда қоқысты бір уақытта жинайды. Ұйымдастырушылар дәл осы экологиялық акцияға жұмылдырылған адамдардың санын рекорд ретінде тіркеуді жоспарлап отыр.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қатысушылар көлікпен, қолғаппен, қоқыс қаптарымен және ішетін сумен қамтамасыз етіледі.

Фестиваль «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан әкімдігінің бастамасымен өткізілуде. Аумақты тазалаудан бөлек, жәрмеңке мен мерекелік концерт ұйымдастырылады. Ең белсенді қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталады.

Әзірге рекордты тіркеу ұйымдастырушылардың жоспарында қалып отыр. Фестивальдің өзі Жылыой ауданында өткізілген ең ауқымды экологиялық акциялардың біріне айналуы тиіс.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Кеше, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.