Атырау, 14 қазан 16:50
 дождьВ Атырау +21.3
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

​Атырауда куәлігі жоқ 18 жастағы жүргізуші жолда қауіпті жағдай туғызды

Бейнежазба
107 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

13 қазанда Атырауда полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатты, оның тізгінінде 18 жастағы бозбала болған.

Полицияның хабарлауынша, жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы болмаған. Бұдан бөлек, ол қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, жолда қауіпті жағдай туғызған.

Осы дерек бойынша жас жігітке қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полициядағылар жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару және қарсы бағытқа шығып кету ауыр жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Сондай-ақ құқық қорғаушылар ата-аналарды автокөлікті кәмелет жасына толмағандарға және көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамдарға бермеуге кеңес береді. 

Бүгін, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.