Атырау, 13 қазан 11:54
 дождьВ Атырау +15.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Атырау тұрғыны Ақтөбеде әйелді аяусыз өлтірді деген күдікке ілінді

Бейнежазба
72 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Ақтөбеде 35 жастағы әйелдің өлімі тергеліп жатыр. Әлеуметтік желіде шабуыл жасалған сәт бейнеленген деген видео тарады.

Полиция мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікпен 28 жастағы Атыраудың тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды KazTAG.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала анықталғандай, күдікті мен қаза тапқан әйел бұрыннан таныс болған. Арада жанжал шығып, тергеу нұсқасы бойынша, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған.

Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Қылмыстың себебі мен мотиві анықталып жатыр», — деп хабарлады полициядағылар.

Тергеу облыстық ПД басшылығының бақылауында.


Бүгін, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.