73 жастағы әншіге Швейцария азаматтығы берілгендігін Цюрихтен шығатын басылымдардың бірі мәлімдеген. Айта кетейік, Тина Тернер неміс тілінде өте жақсы сөйлейді және тоқсаныншы жылдардың ортасынан бері Цюрихте өмір сүріп келеді.
Осыған байланысты рок-жұлдыз Америка Құрама Штаттарының азаматтығынан бас тартып отыр. "Бұл елмен мені қазір ешнәрсе байланыстырмайды" дейді Тернердің өзі.
Тина Тернер (шын есімі - Анна Баллок) "Грэмми" сыйлығын сегіз рет, MTV Music Awards сыйлығын екі рет және өзге де байқауларды жеңіп алған әйгілі американдық әнші.
Дереккөз: Baq.kz