Атырау, 9 қазан 16:41
 дождьВ Атырау +23.8
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Грузияда қазақстандық жүргізушіге 15 жыл түрме жазасы қаупі төніп тұр

70 рет қаралды

Сыртқы істер министрлігі Грузияда дәрі-дәрмекке байланысты 15 жылға дейін сотталуы мүмкін қазақстандық жүк көлігі жүргізушісінің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Грузияда ұсталған қазақстандық жүк көлігі жүргізушісі Иван Чекулаевтың ісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. Дипломаттар отандасымызға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, оның отбасымен байланыста отыр.

ҚР СІМ мәліметінше, Қазақстанның Грузиядағы елшілігі Чекулаев 2026 жылғы сәуірде Поти портында ұсталған сәттен бастап жағдайды бақылауға алған. Консулдық қызметкерлер қазақстандық азаматқа тергеу изоляторында бірнеше рет барып, сот отырыстарына қатысқан және адвокат таңдауға көмектескен. Ведомство сот талқылауы аяқталғанға дейін азаматқа қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Істің мән-жайы

44 жастағы Иван Чекулаев халықаралық жүк тасымалымен айналысқан. Жұбайы Юлия Чекулаеваның айтуынша, Поти портында кедендік тексеру кезінде Грузияның тиісті қызметтері жүргізушіден бел ауруына қарсы дәрі тапқан.

Грузияда бұл препарат еркін әкелуге тыйым салынған психотроптық және есірткі заттарының тізіміне енгізілген. Ұсталған азаматтың жұбайы дәріні күйеуіне Германияда рейс кезінде дәрігер ресми түрде тағайындағанын, алайда жүргізушінің жанында қағаз түріндегі рецепті болмағанын түсіндірді.

Медициналық құжаттардың болмауына байланысты қазақстандықтың әрекеті ауыр қылмыстық бап бойынша сараланған. Енді оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Бүгін, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.