Атырау, 8 қазан 17:17
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

​Атырау облысында 24 бала терезеден құлап кеткен

64 рет қаралды

2026 жылдың тоғыз айында Атырау облысында терезеден бала құлаған 24 оқиға тіркелді.

Бұл туралы брифингте өңірлік ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инспекторы Нұрсәт Хаберов хабарлады.

Оның мәліметінше, осы оқиғалар салдарынан бір бала қаза тауып, 24-і әртүрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккендердің жас шеңбері — 1 жастан 7 жасқа дейін.

Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін өңірде 634 терезеге арнайы қорғаныс құрылғылары орнатылды.

ТЖД ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. Бұдан бөлек, терезе маңына бала оңай көтеріле алатындай жиһаз қоймауға кеңес беріледі. 

Облыста сонымен қатар 10 мыңнан астам тұрғынды қамтыған 400-ге жуық профилактикалық рейд жүргізілді.

Биылдан бастап көппәтерлі үйлерде қауіпсіздіктің тағы бір жүйесі — баланың терезеге жақындағаны туралы дыбыстық хабарлау жүйесі орнатыла бастады.

Жоба BI Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Жүйе бала терезеге жақындаған кезде домофон дыбысына ұқсас сигнал беріп, ата-аналарға қауіп туралы алдын ала ескертеді.

Бүгін, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.