
Өңірде егін алқаптарының 84%-ға жуығы жиналды. Ауыл шаруашылығы жұмыстары қараша айына дейін жалғасады.
Биыл өңір бойынша 10083,2 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Күзгі жиын-терімнің қызған шағы. Дәл осы осы уақытқа дейін 8445 гектар алқаптан 175125 тонна өнім жиналған. Оның ішінде 10554 тонна картоп, 79460 тонна көкөніс, 57145 тонна бақша дақылдарының үлесіне тиеді.
Жалпы егіннен өнім жинау жұмыстары 83,75 пайызға орындалып тұр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дала еңбеккерлері ауа райының қолайлы кезеңдеріне орай өнім жинауды жалғастырып жатыр.
«Өнім жинау қараша айына дейін жүретін болады. Жиын-терін кезінде қажетті техника мен еңбек ресурстары жұмылдырылған», деп атап өтті ведомство өкілдері.
Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар күзгі сүдігер жырту жұмысын да бастамақшы. Бұл-келер жылдың қамы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +23.2