Атырау, 21 желтоқсан 10:24
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Сансызбай Торғаев: «Бізде спортзалдан басқаның бәрі бар»

3 413 просмотра

Атыраулық каратешілер Әсел СЕРІКОВА мен Марат ЖАҢБЫР WKF карате бойынша Испанияның Гвадалахара қаласында өтетін әлем чемпионатына аттанды. Біздің бұл спортшыларымыз үмітті ақтай ма?  Осы және жалпы Атырау облысындағы каратенің дамуы жөніндегі әңгімеміз №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және «Қайсар» дәстүрлі және спорттық карате клубының аға жаттықтырушысы Сансызбай ТОРҒАЕВПЕН (суретте) өрбіді. 

- Менің білуімше, алға қарай WKF карате Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіледі екен. 

- Иә, солай. Біз айналысатын спорттың бұл түрі Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген және қазақстандықтар одан еселерін жібермейді. 2010 жылы Гуаньчжоуда өткен Азиадада Шымкент пен Ақтөбеден барған  каратешілер алтын медаль жеңіп алды.  Сол жылы атыраулық Әсел Серікова да Азия чемпионы атанды. Әдетте, WKF карате туралы тек кезекті Азиадаға  барар кезде немесе әлдебір маңызды жарыстар кезінде ғана еске алады. Дәл қазір Испанияда біздің каратешілер медаль үшін бақ сынап жатыр, бірақ чемпионат теледидардан көрсетіліп жатқан жоқ. Ал, бокс, дзюдо болса, көрсетілер еді.

Сансызбай Салауатұлы Торғаев, 39 жаста, 3-ші дан қара белдік иесі, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, годзю-рю каратеден  халықаралық турнирлердің жеңімпазы және халықаралық санаттағы төреші.

№2 спорт мектебі жанынан WKF карате бойынша топ жұмыс жасайды, ол топты мен жаттықтырамын. Топта 16 бала бар. Бұдан да көп бала «Қайсар» дәстүрлі және спорттық карате клубында жаттығады. Бірақ олардың өз залдары жоқ. Нұрсая мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің цокольды орын-жайларын беруге уәде етіп отыр. Егер ол орындарды сатып алыңдар десе, ақшаны қайдан аламыз деген мәселе туындайды.

Осы жылдың наурыз айында Әсел мен Марат тағы да кезекті Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Сөйтіп олар әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығу құқығына ие болды. Испаниядан келгеннен соң олар бірден Ақтауға жаттығу жиындарына барады. Содан кейін Дубайға Азия чемпионатына аттанбақ.

- Қазақстан бойынша  атыраулық WKF каратенің қосар үлесі қандай?

- Ересектер арасында жүлделі орындарды жеңіп алу өте қиын. Бәсекелестік өте күшті. Қазақстан ішінде медаль үшін 16 облыстан мықты деген каратешілер бақ сынайды. Ал әлем чемпионаттарында 98 елден келген ең таңдаулы деген спортшылар шығады. WKF-карате Жапония, Франция, Испания, Түркия, Словенияда кеңінен тараған. Ал Қазақстан каратенің осы түрі дамып келе жатқан елдер қатарында. Атырауда WKF каратенің даму тарихының өз кейіпкерлері бар. Олар әлем чемпионатының жүлдегері Бахтияр Сүлдебай, әлем кубогінің жеңімпазы Дина Баймаханова, АҚШ, ¦лыбритания ашық чемпионаттарының чемпионы, шито-рю каратеден әлем чемпионатының жүлдегері Тимур Назаров, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Рысбек Нұрлан.  

- Кейінгі өсіп келе жатқан жастар арасынан таңдаулы деген спортшылардың есімін атасаңыз?

- WKF карате каратенің негізгі төрт стилін -  шиторю, вадорю, годзю-рю және шотоканды құрайды. ¤здеріңіз түсініп отырғандай, біздің тәрбиеленушілеріміз стильді чемпионаттарға қатысады. Қазан айында Атырауда карате-до годзю-кай бойынша Қазақстан чемпионаты болды. «Қайсар» клубынан қатысқанМарат Жаңбыр, Тимур Досалиев, Злата Гончарова, Нұрсұлтан Жүсіпәлі, Богдан Иосимов, Анна Абдирова, Әсемгүл Қайырғалиева («Алан» клубы, Доссор, жаттықтырушысы Мейрам Ғалиев) чемпион атанды.

Наурыз айында Тюменьде WKFкарате бойынша Премьер-лига болды. Бұл жарысқа әлем чемпиондары мен құрлықтық чемпионаттар жеңімпаздарының қатысу құқығы бар. Жүлделі орындарға ие болғандарды қомақты сыйақылармен марапаттайды. ¤кінішке қарай, біздің Әсел Серікова алғашқы жекпе-жекте-ақ шығып қалды. Ол жекпе-жек барысында жеңіске жетіп отырғанымен, соңғы секундтарда қарсыласының маваши-гери соққысына тойтарыс бере алмай қалды.

- Келер жылдың жоспарлары қандай?

- Біздің клубта халықаралық санаттағы төрешілер, аттестациядан өткен нұсқаушылар, таңдаулы деген шәкірттер бар. Тек бізде спортзал жоқ. Біз екі спортзал салуды армандаймыз. Оның бірі каратемен айналысуға мамандандырылған болса, екіншісі муай-тайға арналған болады. Спортзалсыз бізге әлемдік деңгейдегі спортшыларды дайындау қиынға соғады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген  Қанат ЕЛЕУОВ

14 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.