Атырау, 8 қазан 11:23
 дождьВ Атырау +10.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Атырауда мас күйінде мопедті тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Бейнежазба
95 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік шаралар кезінде алкогольдік мас күйінде мопед басқарған 39 жастағы тұрғынды анықтады.

Полицияның хабарлауынша, құқық бұзушылық 6 қазанда тіркелген. 1987 жылы туған ер адамның ішімдік ішкеннен кейін рөлге отырғаны белгілі болды.

Оның мопеді айып тұрағына қойылды.

Сол күні полицейлер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, Ford және Mercedes автокөліктерін басқарған тағы екі жүргізушіні анықтады.

Барлық дерек бойынша әкімшілік материалдар жасақталып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Полиция жүргізушілерге мас күйінде көлік басқаруға болмайтынын және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Бүгін, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.