Атырау, 7 қазан 16:17
 дождьВ Атырау +20.1
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Атыраудың өсу қарқыны: Инвестициялар мен инфрақұрылымға жаңа серпін

68 рет қаралды

Атырау қаласының әкімі Данияр Тахановтың төрағалығымен қала әкімдігінде жиын өтіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды.

Дербес бөлім басшылары негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасап, көрсеткіштерді слайд арқылы таныстырды. 

Жиын барысында өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инвестиция, тұрғын үй, жол-көлік инфрақұрылымы, сумен және жылумен қамту, абаттандыру, көгалдандыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 111,2 пайызды құрады. 

Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,5 пайызға артты. 

Бөлшек сауда көлемінде де жақсы динамика қалыптасты.

Сонымен қатар қаладағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жолдарды жөндеу және салу, аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланды. Бірқатар проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары мен қажетті қаржыландыру мәселелері талқыланды. 

Қала әкімі Данияр Тиесов тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы маңызды екенін атап өтті. 

Жиын қорытындысында әр бағыт бойынша нақты міндеттер айқындалып, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берілді.

Бүгін, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.