
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өз лауазымынан кетті, деп хабарлайды Yedilov online.
Ол бұл қызметтен өз еркімен берген өтініші негізінде босатылды.
Жасұлан Бисембиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымында 2022 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеді. Өңірде ол білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау және жастар саясаты мәселелеріне жетекшілік етті.
В Атырау +19.7