
Абат Құтжанов «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Абат Құтжанов Атырау мұнай және газ мемлекеттік институтын «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» және «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандықтары бойынша бітірген. Сондай-ақ И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Мұнай-газ бизнесін басқару» бағыты бойынша MBA дәрежесіне ие.
Мұнай-газ саласындағы еңбек жолын 1996 жылы «Эмбамұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының жылу-сумен қамту учаскесінің слесары болып бастаған.
Әр жылдары атқарған лауазымы:
- 2000–2014 жылдары — «Эмбамұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МҒӨБ шебері, учаске бастығы, «Б. Жоламанов» және «Кенбай» мұнай және газ өндіру цехтарының жетекшісі, ӨТБ жетекші инженері, сондай-ақ бас инженері және МҒӨБ бастығы болып жұмыс істеді;
- 2014–2020 жылдары — «Эмбамұнайгаз» АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры;
- 2020–2022 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің бас маманы, департамент директорының орынбасары;
- 2022–2024 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы;
- 2024–2026 жылдары — «Эмбамұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.
В Атырау +16.2