
Әлеуметтік желіде Атырау қаласының Алмагүл ықшамауданында бутиктің ашылуына байланысты тұрғындардың жаппай жиналғаны бейнеленген бейнежазба тарады. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, сауда орнын жалға алушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Бұл жерде «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуына байланысты арзан бағада киім сатып алуға көп адам жиналған. Көп болғанда, соншалық, кіргісі келген адамдар тіпті кіреберісте кептетіліп қалған. Белгілі болған ақпарат бойынша көп ешкім зардап шекпеген, тек бірен-сараңының денесі көгеріп, жырып алғандар бар.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің берген мәліметіне сай, бутикті жалға алушы азаматтардың жиналатыны туралы тиісті органдарға алдын ала хабарламаған.
Осыған байланысты 1995 жылы туған бутиктің жалға алушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша, яғни ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Айнұр САПАРОВА
Видео әлеуметтік желіден алынды
В Атырау +14.7