Атырау, 2 қазан 12:15
 дождьВ Атырау +11.3
$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.30

Атырауда бір аптада абаттандыру ережесін бұзған 250-ден астам тұрғын жауапқа тартылды

Бейнежазба
70 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Атырауда полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде елді мекендерде абаттандыру мен тазалық талаптарын бұзған 257 деректі анықтады. Рейдтік тексерулер «Таза Қазақстан» акциясы аясында 21-29 қыркүйек аралығында өтті.

Полиция департаментінің мәліметінше, анықталған тәртіп бұзушылардың ішінде пәтер иелері мен жүргізушілер бар. Ал бес азамат бұл заңбұзушылықты бір жыл ішінде тағы қайталаған. Құқық бұзушылардың барлығына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары нақты бір оқиғаны мысалға келтірді: 23 қыркүйекте түскі сағат 12:30 шамасында Өркен ықшамауданында «КамАЗ» жүк көлігінің 1979 жылы туған жүргізушісі шөп қалдықтарын белгіленбеген жерге төгіп кеткен. Тексеру кезінде оның бұған дейін де осындай заңбұзушылықпен ұсталғаны белгілі болды.

Осыған байланысты жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы 2-бөлігі (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бір жыл ішінде қайталап бұзу) бойынша жауапкершілік жүктелді.

Полиция азаматтарды тазалық талаптарын қатаң сақтауға, тұрмыстық немесе құрылыс қалдықтарын тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырады. Белгіленбеген аумақтарға қоқыс төккен тұлғалар заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.


Бүгін, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.