
Атырау облысының Құрманғазы ауданында ауыл мектептерінің 100 оқушысы ағылшын тілін тегін оқуға мүмкіндік алды.
«English House – ауылдан әлемге» жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының шағын гранты негізінде жүзеге асырылды.
Екі айға созылған курс Еңбекші, Құрманғазы және Шортанбай ауылдық округтерін қамтыды. Оқушылардың сөздік қорын байытып, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға үш педагог атсалысты.
Сабақтар интерактивті форматта өтіп, балалар тапсырмаларды орындау барысында тілді белсенді қолданды. Жобаға көпбалалы отбасылардан шыққан, оқу үлгерімі жақсы және түрлі салаларда жетістікке жеткен оқушылар іріктелді.
Қатысушылар сабақтарға қызығушылықпен қатысып, ағылшын тілінде өз ойларын жеткізуге машықтанды.
«English House – ауылдан әлемге» бастамасын Қазақстанның Азаматтық альянсы мен «Құрманғазы – туған жер» қоғамдық қоры ұйымдастырды, оған аудандық білім бөлімі мен жергілікті мектептердің мұғалімдері де қолдау көрсетті.
В Атырау +20.4