Атырау, 1 қазан 21:55
 дождьВ Атырау +20.4
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Атырауда Қазақстанның барлық өңірінен келген медколледж студенттері сайысқа түсті

Сурет
94 рет қаралды

Атырауда «MedSkills Atyrau-2026» атты II республикалық кәсіби сайыс басталды. 

Оған еліміздің 16 өңірінен келген медициналық колледж студенттері қатысып жатыр. 

Байқаудың мақсаты – болашақ мейіргерлердің науқастың физикалық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті білімін және практикалық дағдыларын дамыту. 

Ашылу салтанатында облыс әкімі Болат Ақшолақов сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралар жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға жол ашатынын атап өтті. 

Сайыс үш модуль бойынша өтуде: инъекция салу, стационарда емдік тамақтануды ұйымдастыру және қант диабеті бар пациентке үй жағдайында күтім жасау. 

Қатысушылар әр модульде нақты жағдайларға негізделген практикалық тапсырмаларды орындайды. Сарапшылар тобы олардың кәсіби дағдысын халықаралық стандарттарға сай бағалайды.

Былтырғы байқауда жеңіске жеткен атыраулық студенттер биыл да өңір намысын қорғап отыр. Практикалық бөлім Абай атындағы Оқушылар орталығында өтуде, жеңімпаздар 2 қазанда анықталады.


Бүгін, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.