
Атырауда прокуратура қызметкерлері пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың отбасыларын қолдау бойынша жұмыс жүргізді.
Тексеру барысында мамандар отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, соның ішінде табыс деңгейін, балалардың мектепке баруын және қосымша көмекке деген қажеттіліктің бар-жоғын зерделеді.
Мұндай қажеттілік расталған жағдайларда прокуратура FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдарға тиісті сигналдар жіберді.
Нәтижесінде кәмелетке толмаған 36 бала қажетті мектеп құралдарын алды.
Прокуратурада мұндай жұмыс отбасыларға материалдық қолдау көрсетуге ғана емес, қайталама құқық бұзушылықтар қаупін азайтуға да бағытталғанын атап өтті.
Ведомствоның пікірінше, уақытылы берілген әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың бейімделуіне ықпал етеді және олардың қылмыстық әрекетке қайта тартылу ықтималдығын төмендетеді.
В Атырау +23.5