Атырау, 1 қазан 14:29
 дождьВ Атырау +17.8
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Атырауда инватакси мобильді қосымша арқылы шақыртылатын болады

107 рет қаралды

Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инватакси қызметін цифрландыру бағытында жаңа жүйе іске қосылды.

Облыс әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өткен жиында «InvoTaxi» пилоттық жобасы таныстырылды. 

Жүйе арқылы арнайы көлікті шақырту мобильді қосымша арқылы жүзеге асады, өтінімдер автоматты түрде жүргізушілерге бөлініп, олардың мәртебесі мен маршрут сақталуы бақылауда болады. 

Әкімнің айтуынша, басты мақсат – қызметті барынша қолжетімді әрі түсінікті ету, өтінімнен сапардың аяқталуына дейінгі процесті толық қадағалау. 

Қазіргі таңда жүйеге 100-ге жуық пайдаланушы қосылып, 300-ге дейін өтінім өңделген, ал тестілеу аяқталған соң тіркелген 1 200-дей адамның деректері енгізілмек. 

Қауіпсіздік үшін ресми деректер базасы арқылы верификация және екі факторлы қорғау қарастырылған, қосымшаның интерфейсі көру қабілеті нашар адамдарға бейімделген. 

Жүргізушілер міндетті түрде тексерістен өтіп, мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас ережелері бойынша оқытылады, көліктерде бейнерегистраторлар орнатылады. 

Жоба аясында диспетчерлік қызметке мүмкіндігі шектеулі адамдарды тарту арқылы жұмыс орындарын ашу да көзделген. Жиын қорытындысында жүйені тестілеуді жалғастыру, толық пайдаланушылар базасына көшіруге дайындау және облыс аудандарына енгізу мүмкіндігі қарастырылды.

Бүгін, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.