
5 қазаннан бастап Атырау облысында жылумен қамту тарифтері өзгереді. Халық үшін өсім 5%-ды, ал басқа тұтынушылар үшін 10%-ды құрайды.
Халық үшін тариф Гкал-ына 5 347,79 теңгеден 5 615,18 теңгеге дейін артады. Басқа тұтынушылар үшін — Гкал-ына 27 131,38 теңгеден 29 844,51 теңгеге дейін өседі.
Департамент бұл өзгерісті жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындардың артуына және жылумен қамтуға қажетті электр энергиясы құнының өсуіне байланысты деп түсіндірді.
Өтінімді қарау барысында мамандар көрсетілген шығындардың экономикалық негізділігіне талдау жүргізді.
Бұл ретте, департаменттің мәліметінше, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ бастапқыда жеке және заңды тұлғалар үшін тарифті бірден 31%-ға көтеруді ұсынған. Нәтижесінде бұл өсім мақұлданбай, тариф төменірек мөлшерде бекітілді.
Жаңа тарифтер 2026 жылдың 5 қазанынан бастап күшіне енеді.
В Атырау +17.8