Атырау, 24 қараша 00:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеу әуежайында Бішкектен келген жолаушыны атып кетті

1 795 просмотра
Белгісіз адам 13 қарашада таңертең «Шереметьево» әуежайында оқ атты, деп жазады ИТАР-ТАСС. D терминалынан шығаберісте қаскүнем Бишкек рейсімен ұшып келген жолаушыны екі жерінен атып кетті. 

Оқиға жергілікті уақыт бойынша таңертең сағат 9:26-да орын алды. Қаскүнем қаруды «такси» деп жасырынған қара түсті автокөлік ішінде отырып қолданды. Зардап шеккен азамат Мәскеу ауруханасына жеткізілді. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, шабуыл адам өлтіру емес, қарақшылық мақсатта жасалған. 

Дереккөз: BNews.kz

13 қараша 2013, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.