Атырау, 1 қазан 10:30
 дождьВ Атырау +8.4
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

​​Атырауда Махамбет көшесі көлік пен жаяу жүргіншілер үшін ашылды​

78 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Атырауда Махамбет көшесіндегі жолды орташа жөндеудің бірінші кезеңі аяқталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жұмыстарды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша «ДостыкСпецТранс» ЖШС орындап жатыр.

Ж.Досмұхамбетов көшесінен Сырым Датов көшесімен қиылысқа дейінгі аралықта құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.

Қазір жолдың бұл бөлігі автокөлік үшін де, жаяу жүргіншілер үшін де ашық.

Келесі кезеңде жөндеу жұмыстары Сырым Датов көшесімен қиылыстан Атамбаев көшесіне дейінгі учаскеде жалғасады.

Мамандардың мәліметінше, Махамбет көшесін жөндеуді жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Бүгін, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.