
1 қазанда Атырау қаласы мен оған іргелес бірнеше елді мекенде қуат көзі уақытша өшіріледі. «Атырау Жарық» ЖШС өкілдерінің хабарлауынша, жарықтың өшуі жоспарланған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу қажеттілігіне байланысты.
Жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес, жарық төмендегі мекенжайлар бойынша өшіріледі:
Сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін:
Көкарна ауылы: Бөкенбай батыр көшесі, 17, 18, 19, 23-көшелер, 7-өтпе
Тасқала ауылы: 1, 2-көшелер, Орталық көшесі; Өрлеу тұрғын массиві: 11-көше, Қадыралиев көшесі, Е. Өтеев көшесі, Самұрық өткелі
Зарослый ауылы.
Сағат 09:30-дан 17:30-ға дейін:
Қала ішіндегі көшелер мен өткелдер: Алтынсарин, Бигелдинов, Құрманғазы, Попов, Қ. Мырзағали, Өтегенов көшелері; Затаевич, Қазанғап, Айбергенов, Ағатай батыр өткелдері;
Атырау ықшамауданы: Мечников, №41, Жұбанов, Қызғалдақ, Ақжайлау, Жолашар көшелері және Республика өткелі;
Жаңаталап ауылы: Сұлтанов, Школьная, Каспийская, Байғазы, Жамбыл, Октябрьская, Байшонас, Бесшоқы, Исмағұлов, Шекенов көшелері;
«Железнодорожник» Бау-бақша серіктестігі: Магистральная, Ащыкөл көшелері, Жамбыл өткелі.
Сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін:
Қала орталығы: Құлманов, Худин, Ерниязов көшелері, Сәтбаев көшесі (№15, 17, 19В үйлер);
Авангард-4 ықшамауданы: №1, 2, 3, 4, 5, 18 үйлер; Сәтбаев көшесі (№3, 3а, 5, 7, 62, 62а, 64, 66, 66а үйлер);
Авангард-2 ықшамауданы: №19, 21, 21а, 22, 23 үйлер;
Авангард-3 ықшамауданы: №6 үй.
В Атырау +25