
Атырау облысы бойынша Экология департаменті қалдықтардың рұқсатсыз орналастырылған орындарын анықтау және түгендеу мақсатында Атырау қаласы аумағында рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында Балауса ықшамауданы мен Құрманғазы көшесіндегі рұқсатсыз орналастырылған қалдықтар жиналған аумақтарға барып қарау жұмыстары жүргізілді.
Анықталған заңсыз қоқыс орындарын жою және аумақты санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Департамент тарапынан құзыретті мекемелерге хаттар жолданды.
Департамент мамандарының айтуынша, аталған жұмыстардың орындалысы ведомствоның тұрақты бақылауында болады.
В Атырау +25