Атырау, 25 қазан 04:49
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

1 қазанда Атыраудың бірқатар ауылы мен бау-бақша серіктестігінде су өшіріледі

1 342 рет қаралды

1 қазанда Атырау қаласы мен оған қарасты бірқатар елді мекенде таңертеңгі сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін су уақытша тыйылады. Бұл туралы Атырау облысы «Су Арнасы» КМК хабарлады.  

Шектеу «Мирный» сорғы станциясында жүргізілетін авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Су тоқтатылатын аймақтардың қатарында мына елді мекендер мен ықшамаудандар бар:

  • Ауылдар мен кенттер: Құрсай-1, 2, Водников-1, 2, 3, Көкарна-1, 2, Жаңаталап-1, 2, Қызылбалық-1, 2, Зарослый, Атырау ауылдары және Ширина кенті;

  • Шағынаудандар мен аумақтар: Сол жақ Төменгі Перетаска ауданы, Ақжайық ауылы («Холодильник»), Тасқала-1, 2 ауылдары мен «Өрлеу» мөлтек ауданы, Тасқала-3 ауылы мен «Қайнар» мөлтек ауданы;

  • Бау-бақша серіктестіктері: «КСМ», «Химик», «Мелиоратор», «Железнодорожник», «Судоремонтник», «Речник», «Рыбник», «Уралкаспрыбвод», «Строитель», «Строитель-П», «Спектр» және «Сая».

Жөндеу аяқталған соң су бұрынғы кесте бойынша қайта беріледі. 

30 қыркүйек, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.