Атырау, 25 қазан 04:49
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Атырауда бұрын жүргізуші құқығынан айырылып, көлік басқарған азамат қолға түсті

Бейнежазба
701 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырауда полиция қызметкерлері көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра автокөлік тізгіндеген 57 жастағы азаматты анықтады.

Полицияның хабарлауынша, Volkswagen Passat автокөлігі 29 қыркүйекте сағат 15:51 шамасында Владимирский көшесінде тоқтатылған.

Құжаттарды тексеру барысында 1969 жылы туған жүргізушінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Полиция өкілдері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖҚЕ бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды  тұрақты түрде жалғасып жатқанын еске салды.

30 қыркүйек, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.