Атырау, 30 қыркүйек 17:36
 дождьВ Атырау +24.6
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Жангелдиндегі трагедияны «тергеген» Хакер Атыраудың хикаясы қалай аяқталды

57 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Жангелдин ауылында жоғалған отбасыны «хакерлік технологиялардың» көмегімен табуға уәде берген қазақстандықтың ісі сотқа өтті. Бұған дейін ол Түркиядан экстрадицияланған болатын, деп хабарлайды Centralmedia24.

ІІМ хабарлауынша, іске қатысушы Атырау облысында жоғалған отбасыны іздеу кезінде әлеуметтік желіде танымал болған. Ер адам өзін тәуелсіз «хакер» ретінде таныстырып, Instagram-да жоғалғандарды геолокация, SIM-карталар және банктік транзакциялар арқылы қадағалап отырғанын мәлімдеген.

Дегенмен ведомство өкілдері оның ешқандай құпия базаларға кірмегенін мәлімдеді.

«Аталған тұлғаға қатысты алаяқтықтың бірқатар эпизоды бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа берілді. Оның ешқандай деректерге қолжетімділігі болған жоқ. Оның пайдаланғанының бәрі — біздің қызметтік ақпаратымыз. Ал деректердің жария болып кетуіне келетін болсақ, кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Тергеу болжамы бойынша, Жангелдиндегі трагедия төңірегіндегі шудан бөлек, 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында күдікті Instagram-да Атырау облысының екі тұрғынын алдап, олардан 3 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп алған.

Осыдан кейін ер адам шетелге бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланды. 2025 жылдың маусымында ол Түркияның Самсун қаласында Интерпол желісі бойынша ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір айыпталушы сот үкімін күтіп отыр.

Бүгін, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.