Атырау, 30 қыркүйек 15:37
 дождьВ Атырау +24.6
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

​Жаңа газ өңдеу зауыттары және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» екінші желісі: QazaqGaz жоспары қандай

87 рет қаралды

“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов KIOGE 2026 көрмесінде Қазақстанның газ саласы дамуының басым бағыттарын атап өтті. 

Ол Қарашығанақ пен Қашағандағы газ өңдеу зауыттарының құрылысы, газ инфрақұрылымын дамыту жобалары және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісі туралы баяндады.

Жамауовтың айтуынша, жобалар жиынтығы ресурстық базадан тұтынушыға дейінгі барлық тізбекті қамтиды: жаңа өңдеу қуаттары тауарлық газ көлемін арттырады, ал көлік жобалары оны жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қарашығанақ газ өңдеу зауытына ерекше назар аударылды. Оның қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр шикі газды құрайды. 2026 жылдың сәуірінде Энергетика министрлігі QazaqGaz-ды жоба операторы деп белгіледі, ал 15 қыркүйекте компания Hyundai Engineering және SICIM компанияларымен келісімге қол қойды. Қазір EPC келісімшартының негізгі шарттары пысықталып, FEED кезеңінің құжаттамасы әзірленуде.

Бұл жоба шикі газды қайта өңдеу көлемін ұлғайтып, ел ішіндегі тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейтеді. Қосымша көлемдер коммуналдық-тұрмыстық сектор мен өнеркәсіпті, әсіресе маусымдық сұраныс кезеңдерінде тұрақты газбен қамтамасыз етуге бағытталады.

QazaqGaz басшысы инфрақұрылымды кешенді дамыту газбен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, ресурстық база мен тұтынушы арасындағы байланысты күшейтетінін және ішкі сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бүгін, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.