Атырау, 25 қазан 04:49
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Атырау тұрғынына үйдің жанында түкіргені үшін айыппұл салынды

462 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырауда әйел адам ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қаланың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.

Сот анықтағандай, әйел СМП-136 шағынауданында тұрғын үйдің алдындағы аумаққа түкірген.

Оның бұл әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі — ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша сараланды.
Сотта әйелдің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сұрастыру материалдарымен және бейнежазбамен расталғаны атап өтілді.

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған 30 275 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

30 қыркүйек, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.